Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын бақылау бойынша шаралар қабылданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының бағасын бақылау үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік комиссияға дәрі-дәрмектің жаңадан келген әр партиясын сертификаттау мерзімін қысқартып, ауруханалардың ең бірінші кезектегі, атап айтқанда КТ, өкпені жасанды желдету, газбен қамту және басқа да қажеттіліктері бойынша бір жерден мемлекеттік тапсырыс жүргізудің арнайы тәртібінің күшін ұзартуды тапсырамын. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін ғана емес, сондай-ақ арнайы органдардың, әлеуметтік құрылымдардың қызметкерлерін есепке ала отырып, жеке қорғаныс құралдарының азаймайтын материалдық резервін құруды жүктеймін», - деді Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының бағасын өсірмеу үшін тиісті шараларды қабылдау керектігін ескертті.

«Қазіргі уақытта мемлекеттер мен корпорациялар коронавирусқа қарсы әлеуетті вакциналарды тесттен өткізіп жатыр. Елде кеңінен қолдану үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сатып алу бойынша алдын ала келісімдерді дайындау мәселесін пысықтау керек», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар