+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қазақстанда COVID-19 күресуде психологиялық көмек сайты іске қосылады

2020 жылғы 3 сәуір 19:48
Бөлісіңіз:
Қазақстанда COVID-19 күресуде психологиялық көмек сайты іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы БҰҰ жанындағы Балалар қорының (UNISEF) қолдауымен covid-19.mentalcenter.kz сайты құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халыққа психологиялық көмек көрсетуге және азаматтарды қолдау үшін құрылған сайт 4 сәуір – сенбі күні жұмысын бастайды.
«Қазіргідей қиын жағдайда-коронавирустық инфекция өршіген тұста адамдарды қолдау үшін (UNICEF, WHO, Төтенше жағдайда психикалық денсаулық және психо-әлеуметтік қолдау бойынша ведомствоаралық комитеттің жұмыс тобы) психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталды.
Жаңа сайтта оқырман өз сұрақтарына жауап ала алады, психолог немесе психотерапевттер онлайн кеңес береді. Сізге сілтеме жазылған хабарлама келеді, сол арқылы келісілген уақытта маманмен онлайн байланысқа шығуға болады», деолінген хабарламада.
Бұл жобаға еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, мемлекеттік емес секторлар жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам маман қатысуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT