Қазақстанда цифрлық теңге пилоттық жобасы іске асырылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 желтоқсанда цифрлық теңге пилоттық жобасына қатысты қорытынды баяндама жарияланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банк қаржы секторының цифрлық инфрақұрылымын дамыту және қаржылық инновацияларды енгізу бағдарламасын белсенді түрде іске асырып жатыр. Ұлттық цифрлық валюта – цифрлық теңгені енгізуді көздейтін пилоттық - жоба биылғы жылдың негізгі бастамаларының бірі. Жоба қаржы нарығының қатысушыларымен және халықаралық әріптестермен бірлесіп іске асырылуда. Бүгінде әлемде 63 орталық банк ұлттық цифрлық валюталарды шығару және олардың айналымы мәселесін зерттеумен белсенді түрде айналысуда. Орталық банктің бөлшек цифрлық валютасының аспектілері Ұлттық банктің 2021 жылғы зерттеулерінің басты бағыты болды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу аяқталды. Нарық қатысушыларымен және халықаралық ұйымдармен талқылаулар сериясы өткізілді.

Пилоттық жобаның аралық нәтижелері Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде таныстырылды.

«2021 жылғы 15 желтоқсанда пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк 2022 жылғы 1 шілдеге дейін пайда мен шығыстарды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделін әзірлейді. 2022 жылғы желтоқсанда цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы қорытынды шешім әзірленеді», - деді Ерболат Досаев .


Соңғы жаңалықтар