Қазақстанда цифрлық теңге енгізген соң не өзгереді – сарапшы пікірі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк осы жылдың соңына қарай цифрлық теңгені енгізуге қатысты шешімін жария етеді. Осы орайда қаржы консультанты әрі инвестор Әлібек Жалғасбаев цирфлық теңге қазақстандықтар үшін нені білдіретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз неліктен Kaspi-ге көшкеніміз жайлы ойланып та көрген жоқсыз. Ертеректе қағаз ақшамен, тиынмен төлем жасайтынбыз. Ал, қазір дүкендерде артық төлеген ақшаңызға қайтарым жасамайды. Өйткені, тікелей аударым жасайсыз. Бұл өте ыңғайлы, комиссия, ешқандай шектеулер жоқ. Ал, басқа банктерді қолданған кезде белгілі бір қиындықтар, оның ішінде комиссия туындайды. Цифрлық теңге – валютаны дамытудың келесі кезеңі. Оны қадағалап отыруға болады. Мәселен, сіздің компанияңыз, жеке кәсіпкерлігіңіз немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестігіңіз бар делік. Онда сізде өте көп құжаттама болады. Есеп-қисап тапсырып, салық, сақтандыру төлеуіңіз қажет. Цифрлық теңге көмегімен мұның бәрін жасау жеңілдей түседі. Транзакция тарихы да қолжетімді болады. Бұған қоса, бұл жалған ақшадан қосымша қорғаныс болады. Интернетсіз-ақ төлем жасау мүмкіндігін аласыз, яғни барынша қолайлы бола түседі», - деп түсіндіреді сарапшы.

Оның атап өтуінше, цифрлық теңге әлі де әзірлену сатысында болғанымен, оның қолданылу аясы кең.

«Ол ұлттық валюта мен криптовалюта арасындағы буданға айналмақ. Дегенмен, мемлекет тарапынан оған бақылау да, қадағалау да болады. Айта кетерлігі, Қазақстан қаржы технологиясы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында тұр. Грузия немесе Түркияда әлі күнге дейін қолма-қол ақшамен төлем жасалады. Аударым жасай салу жоқ. Тіпті, кей жерлерінде карта да қабылдамайды», - деді Әлібек Жалғасбаев.

Сарапшының пайымынша, цифрлық ұлттық валюта енгізу еңбек нарығына еш әсер етпейді.

Дегенмен, цифрлық теңгенің еңбек нарығына қандай да бір қатты әсері бола қояды деп ойламаймын.

Ол кәсіпорындардың, қадағалаушы, салық органдарының жұмысын жеңілдетеді және барынша ашық, жылдам бола түседі.

«Цифрлық теңгені енгізу қаржы директорларына, бухгалтерлерге жүктемені азайтуы да мүмкін. Бірақ, валютаның қандай қызметі болатынын және болмайтынын әлі білмейміз. Қалай десек те, ІТ мамандарына сұраныс одан сайын артады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар