+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Қазақстанда цифрлық хабар тарату жағдайы қандай

2020 жылғы 29 маусым 13:48
Бөлісіңіз:
Қазақстанда цифрлық хабар тарату жағдайы қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Премьер-Министрі Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу жалғасуда. Онымен Қазақстан халқының 84 пайыздан астамы қамтылған. Аналогты телеарна Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында толықтай ажыратылды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылдың соңына дейін цифрлық эфирлік телеарнаға Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы көшеді.

«Министрлік тарапынан радиохабар таратуды дамыту тұжырымдамасы тұрғысында жұмыс басталды. Онда жабдықтарды жаңарту, сондай-ақ радиохабар желесін кеңейту қадамдары ескеріледі. Әсіресе, еліміздің шекараға шектес аудандарында радиохабар желесімен қамтуға екпін қойылады», - деді А. Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT