Қазақстанда цифрлардың қазақша жазбаша атауын көрсететін сайт жасалды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары сандарды жазбаша түрде беруге арналған сервисті жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Tezsana.kz cервисі қазақша сан есімдерді жазуда қиындықтарға тап болатын немесе күрделі сандарды жазу емлесін білмейтін бухгалтер, экономист және т.б. мамандарға арналған», - делінген институттың Фейсбуктегі парақшасында.

Сервис жауаптарды екі түрлі форматта екі жолақта береді. Бірінші жауап жолағында сан тұтастай жазу түрінде берілсе, ал екінші
жолақта сан көрсетіліп жақша ішінде жазбаша реті көрсетіледі. Бірінші жолақта сан есімнен кейін ₸ (теңге таңбасы) қосылып шығады. Сервисті кез келген құрылғыдан, қандай да болсын браузерден оңай пайдалануға болады.

Аталған ресурс қазақтілді аудиторияға және қазақша білмейтін алайда күнделікті тұрмысында, қызметінде қазақша сандармен жұмыс істейтіндерге арналған.

Соңғы жаңалықтар