Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 20 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Қазақстанда буын ауруынан айықтыратын гидрогель ойлап табылды

2017 жылғы 31 мамыр 18:18 1719
Бөлісіңіз:
 Қазақстанда буын ауруынан айықтыратын гидрогель ойлап табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биология ғылымдарының кандидаты Вячеслав Огай адамның тізе және жамбас буындарындағы остеохондральді кемістіктерді қайта қалпына келтіруге арналған гидрогель ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гидрогель ортопедия мен травмотологияда шеміршек және сүйек тіндерін эндопротездеумен қатар емдей алады. Ол табиғи компоненттерден тұрады жәнеде құрамында бағаналық жасушалар, хондро- және остеоиндуктивті өсу факторлары бар. Бұл өнертабыс І және ІІ дәрежедегі остеохандральді кемістіктерді емдеуде қолданылады. Гидрогельді пайдаланғанда адамның зақымданған шеміршек және сүйек тіндері ота жасалған соң үш немесе одан көбірек уақыт аралығында бастапқы қалпына қайта оралып, жазылады.

«Остеохондральді кемістіктер өте ауыр емделеді. Науқастың субхондральді тілімі және шеміршек қабаты бүлінеді, әрине, ондай дерті барлар қозғалған кезде қатты ауыртпалық сезінеді. Бұл жағдайда эндопротездеу қолданылады. Ондайға жол бермеу үшін маған биотехнологияларды қолдану және науқастың буындарындағы шеміршек және сүйек тіндерін толықтай қайта қалпына кетіретіндей түрлендірілген және биоүйлесімді болатын гидрогель жасап шығару ойы келді», - дейді Биотехнологиялар орталығының бағаналық жасушалар зертханасының меңгерушісі В.Огай.

В. Огай ғалымдар тобымен біріге отырып, өсу факторларына қажет мөлшерді білу үшін және белгілі бір мерзімде кемістіктерді жоюда қандай концентрация керек екенін түсіну үшін гидрогельдің сегіз түрлі құрам мен концентрациясын пайдаланған екен. Олар бағаналы жасушалар және өсу факторларының оңтайлы топтамасы бар гидрогель нұсқасын анықтай алды. Бұл нұсқалы гидрогельді қолданған соң зертханалық жануарлардың тізе буындарындағы остеохондральді кемістік толықтай жазылып кеткен.

Егер ойлап табылған гидрогельді қазіргі таңда қолданылатын эндопротездеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырар болсақ, эндопротездеу отадан кейін науқас салыстырмалы түрде аз уақытта аяғына тұра алады, алайда эндопротездеу кезінде протездің жылжып кетуі, эндопротездің бактериялық инфекция жұқтырып алуы секілді белгілі-бір кері әсерлер пайда болуы мүмкін. Протездің қызмет ету уақыты 10 жылды құрайды, бұл белгілі уақыт өткен соң оны жаңасына ауыстыру қажет.   

Артроскопия және спорттық жарақаттар республикалық орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерік Раймағамбетов гидрогельдің клиникаға дейінгі зерттеулеріне қатысады, В. Огаймен бірге зертханалық қояндарға оталар жасайды.

Осы секілді жұмыстар Израильде, Германияда, Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та жүргізіліп жатыр. Отандық өнертабыстың табиғи құрамы бірегей. Себебі басқа елдерде синтетикалық заттар қолданылады.

«Олар арзан, бірақ табиғи құрамы анағұрлым нашар болуы мүмкін. Мейлі гель қымбатырақ болсын, бірақ ол толықтай қалпына келтіру үшін қажетті нәтиже береді», - дейді В. Огай.

Қазіргі таңда гидрогель сыналып жатқан барлық елдерде енді құрылу және зерттеу кезеңінен өтуде.

«Біз қазір клиника алдындағы зерттеулер өткіздік. Алдағы уақытта біз гранттық қаржыландырудың келесі кезеңіне тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз. Бұл зерттемелерімізді остеохондральды кемістіктері бар науқастарға қолданып көру үшін»,- дейді ғылыми жобаның жетекшісі Вячеслав Огай.

3 жылдан 6 жылға дейін өтетін клиникалық зерттеулерді сәтті өткізген соң біз бұл өнертабысымыздың қауіпсіздігін, тиімділігін анықтаймыз, сонан соң оны тіркеп, бүкіл еліміз бойынша медициналық тәжірибеге енгізуге болады.

Айта кетейік, Вячеслав Огайдың жетекшілігімен жасалған «Остеохондральді кемістіктерді қайта қалпына келтіру үшін бағаналы жасушалар негізіндегі инъекциялық гидрогельді жасап шығару» жобасы 2015 жылы ҚР БҒМ ғылым комитетінен  жылына 8 млн теңге және үш жыл төленетін гранттық қаржыландыру алды.

 

 


Басты сөздер: Білім, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат