+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстанда «Bus Lane» жолағымен көліктің барлық түрінің жүруіне рұқсат етіледі

2021 жылғы 17 мамыр 17:10
Бөлісіңіз:
Қазақстанда «Bus Lane» жолағымен көліктің барлық түрінің жүруіне рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Bus Lane» жолағымен көліктің басқа түрлерінің жүруіне рұқсат берілетін уақыт белгіленбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысты Қаруын өз еркімен тапсырған 650 адамға 54 млн теңге сыйақы берілді

Мұндай өзгеріс ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті әзірлеген Үкімет қаулысының жобасында көзделген. Аталған жобада «Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына «Bus Lane» жолағымен тек қоғамдық көліктердің жүру уақыты таңертең 2 сағат, ал кешке 3 сағат болып өзгерту енгізілмек.

«2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда сағат 07:30-дан 9:30-ға дейін және сағат 17:00-ден 20:00 уақыт аралығында қоғамдық көліктердің жүруі жүзеге асырылады және аялдайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүру және аялдау жүзеге асырылады», - делінген жария талқылауға шығарылған қаулыда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT