Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлері шығарылады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ауылдық жерлерде жалпы сомасы 376 млрд теңгені құрайтын 77 жоба іске асырылады. Сонымен қатар, биыл елімізде бұрын өндірілмеген өнім тұрлері шығарылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы алға қойған маңызды міндеттердің бірі - импортты алмастыру және тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамтуды 90 пайызға дейін жеткізу. Құрылыс нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін биыл құны 126 млрд теңгені құрайтын 38 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл салада 2020 жылдың негізгі жобалары - Нұр-Сұлтан қаласындағы көлемдік-блоктық үй құрылысы зауыты. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар ірі жобалар бар

Жалпы құрылыс материалдарын өндіру жобаларын іске асыру импорт үлесін 15 пайызға төмендетіп, тұрғын үй құрылысында қазақстандық қамту үлесін 90 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Министрдің дерегінше, биылғы жобалар толық қуатқа шыққан кезде, олардың өндіріс көлемі 3 млрд АҚШ долларынан асады. Өндірілген өнімнің төрттен бір бөлігі экспортқа шығарылады. Бұл шамамен 800 млн АҚШ долларын құрайды. Моноқалаларда жалпы сомасы 132 млрд теңгені құрайтын 15 жоба іске асырылып, 1 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Биыл ауылдық жерлерде жалпы сомасы 376 млрд теңге құрайтын 77 жобаны іске асырылып, 5 800 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

«Бұдан басқа, Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерін, атап айтқанда кабель өнімінің 7 түрін, карьерлік және жол техникасының жаңа түрлерін, жаңа түрдегі композитті коагулянттарды, газ талдағыштарды, кіші және үлкен диаметрлі тегеурінсіз темір бетон құбырларды, тыңайтқыштардың жаңа түрлерін, құрылыстағы көтерме механизмі, трансформаторларды шығаруға арналған панельдік радиатрлар, астық кептіргіш, комбайндардың жаңа түрлерін, термос вагондар, ламинатталған фанерлерді шығару жоспарлануда. Индустрияландыру картасының жобаларын табысты іске асыру, бізге өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың сапалы жаңа траекториясына шығуға мүмкіндік береді, ішкі нарықты толықтыру және экспортқа шығу жолымен ұлттық экономиканың өзіндік жеткілікті болуын қамтамасыз етеді.- деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар