+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда букмекерлік кеңселер Қапшағай мен Бурабайға көшіріледі

2020 жылғы 27 мамыр 12:38
Бөлісіңіз:
Қазақстанда букмекерлік кеңселер Қапшағай мен Бурабайға көшіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы ойын бизнесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, букмекерлік кеңселер мен тотализатордың қызметін бақылаудың тиімділігін артыруға бағытталған. Заң жобасын қарау барысында депутаттар жаңа ойын аймақтарын ашу туралы нормаларды алып тастау бойынша ұсыныс енгізді. Сонымен бірге, құжатқа депутаттар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассаларын Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы және Ақмола облысы Бурабай ауданындағы екі ойын аймағы аумақтарында орналастыру бойынша түзетулер енгізді. Осыған байланысты енді букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары елді мекендерден аталған ойын аймақтарына көшірілетін болады», - деді депутат Сәкен Өтебаев.

Оның сөзіне қарағанда, депутаттар жақын туыстарының өтініші бойынша соттың құмар ойындарды және бәс тігуді теріс пайдаланатын адамдарды әрекет қабілеті шектеулі деп тану бойынша ұсыныс енгізді. Яғни, енді отбасы мүшелері мен жақын туыстары өз жақындарын зиянды әрекеттен шектеу құқығына ие бола алады.

«Заң жобасына сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметі заңсыз деп танылған ойын бизнесін шетелдік ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салуға бағытталған түзетулер енгізілді», - деді С. Өтебаев.

Еске сала кетейік, биыл 13 мамырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды .

Бұдан бұрын хаьарланғандай, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ел аумағында жаңа ойын аймақтарын ашу мүмкіндігін қолдамады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT