Қазақстанда Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары ел астанасы - Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл туралы Австралияның Гол кост қаласында өткен Бүкіләлемдік Халықаралық спорттық федерациялар (GAISF) конгресінде белгілі болды. Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының бас хатшысы Фархат Аманқұлов және GAISF президенті Рафаэль Чиулли арнайы келісімге қол қойды. Нұр-Сұлтан аталған ойындарды өткізуге үміткер 4 қаланың қатарында болған.null

Қазақстан Жауынгерлік өнер қауымдастығының бас хатшысы Фархат Аманқұловтың айтуынша, еліміздің аталған ойындарды жоғары деңгейде өткізуге барлық мүмкіндігі бар.

«Қазақстанның мұндай жарыстарды өткізуде үлкен тәжірибесі бар. 7-ші Қысқы Азия ойындары, 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада, ЭКСПО-2017 және тағы басқа турнирлер біздің спорттық әлеуетімізді бүкіл әлемге паш етті. Сонымен қатар, елімізде теңдессіз спорттық нысандар бар. Олар барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Сіздерге аталған жарыс жоғары деңгейде өтетінін сеніммен айта аламын» - деді Фархат Аманқұлов.null

Айта кетейік, Бүкіләлемдік Жауынгерлік Өнер ойындары - спорттық жекпе жек өнерінің өкілдері арасында өтетін мультиспорттық жарыс. Алғашқы ойындар 2010 жылы Қытайда өткен болатын. Жарыс бағдарламасына муай-тай, бокс, айкидо, самбо, сават, каратэ, джиу-джитсу, таэквондо, у-шу, кендо, сумо, семсерлесу, күрес және кикбоксинг спорт түрлері кіреді.

Соңғы жаңалықтар