Қазақстанда бұдан бұрын болған сайлауларда да ешқандай қиыншылықтар болмаған - Түркияның тәуелсіз байқаушысы

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстанда бұдан бұрын болған сайлауларда да ешқандай қиыншылықтар болмаған.

Бұл пікірін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына тәуелсіз байқаушы ретінде бауырлас Түркия елінен аттанған «Кыршехир» университетінің доценті, «Yeni cağ» газетінің шолушысы Күршад Зорлу білдірді.

К.Зорлу, Қазақстан өзінің көп жылдар бойы қызығушылығын тартқан және мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайын ұзақ уақыт зерделеп жүргендіктен, 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленіп отырған Парламент Мәжілісінің сайлауына тәуелсіз байқаушы ретінде қатысуға ой түйіндегенін айтты. 

«Әсіресе, 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 20 жыл ішінде жеткен орасан зор жетістіктері посткеңестік кеңістікте үлкен маңызға ие. Сол себептен, Қазақстандағы демократиялық және құқықтық мемлекет жолындағы бастамалар, Түркия және аймақтағы мемлекеттер тарапынан қызығушылық танытуда. Осыған орай, Парламент сайлауы мен сайлау нәтижелеріне аса көңіл бөлінуде», -  деді ол.

Қазақ елінде бұған дейін өткен ҚР Парламенті мен Президентінің сайлауына тәуелсіз байқаушы ретінде қатысқан К.Зорлу, қазіргі күнге дейінгі болған жағдайлардың айырмашылығына объективті түрде баға бере аламын деген ойын жеткізді.

Тілшінің: «Қазақстан сайлаудың әділ түрде өтуін қалайды және бұл үшін Конституцияға сайкес барлық жағдайлар жасалды. Сіздің ойыңызша, сайлау әділ өтуі үшін қандай шаралар қолдану керек»?, - деген сауалына түркиялық тәуелсіз байқаушы: «Қазақстанда бұдан бұрын болған сайлауларда да ешқандай қиыншылықтар болмаған. Мен бұған дейін сайлаулар әділ, демократиялық жолмен өтті. Дегенмен де, демократиялық тұрғыдан мынадай жұмыстар атқарылуға қажет. Ең алдымен, сайлауға қатысушылардың саны барынша көп болуы тиіс. Қатысушылар деңгейі көп болса, сайлау нәтижелері де әділетті болады. Сайлау науқанында кандидаттар мен партиялар еркін түрде өз көзқарастарын айтып, халықты дауыс беруге шақыруға арналған акциялар өткізуі тиіс», - деп жауап қайырды.

Оның пікірінше, дауыс беру науқаны аяқталғаннан соң, бюллетеньдерді санау ашық және әділ түрде өткізілуі тиіс. Бұл жағдайға дауыс беру электронды түрде жүргізілген кезде де көңіл бөлген жөн. Сайлау нәтижелерін анықтау жылдам жүргізіліп, олар халыққа жария етілуі қажет. Қарсылық білдірушілер болып жатса, арыз-шағымдар Конституция шеңберінде қаралуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар