+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қазақстанда браконьерлер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

2019 жылғы 5 қараша 21:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда браконьерлер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев браконьерлерге жазаның қаншалықты күшейгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі - Бас прокуратура Түркістан облысының прокуроры браконьерлермен күресті күшейтуді тапсырды БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ атып, өлтірмек болды

Жаңа өзгерістер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңында көрсетілген.

«Бұған дейін Қылмыстық Кодексте жалпы норма болса, енді нақтыланған нормалар пайда болды. Мұнда мүлікті тәркілеу мүмкіндігі болады. Жазаны күшейту бойынша шаралар кешені өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Аңшылық құралы, қару-жарақ, көлік, балта, рюкзак және өзге де заттар тәркіленеді», - деді Е. Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, орман, балық және жануарлар әлеміндегі заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейту бойынша ҚР Қылмыстық Кодесіне түзетулер енгізіледі. Одан бөлек, шетелдіктерді жасаған қылмысы үшін 5 жылға ел аумағынан шығару қарастырылған.

«Заңсыз аңшылық үшін қылмыстық шешім белгілері кеңейтілді және санкциялар ұлғайды. Мәселен, бұрын осы бап бойынша браконьерлер аңшылықта жануарға зардап келтіретін жарылғыш құралдар, кеме мен қарда жүретін машина қолданғанда ғана жазаланатын еді. Енді онда ату құралы, пневматикалық және суық қару, иттер мен аңшылық құстары енгізілді. Браконьерлер жазаға тартылатын ҚР ҚК 339-бабы жетілдірілді. Бұрын 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, енді бұл жаза 12 жылға созылады. Заңнаманы жетілдіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр», - деді Е. Нысанбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT