Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 4,4% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарында бөлшек сауда көлемі 2018 жылдың қаңтарына қарағанда 4,4% өсіп, 694,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде кәсіпорындар сататын тауарлардың бөлшек саудадағы көлемі 4,1%, жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базарда сауда-саттық жасайтын кәсіпкерлердің саудасы 4,8% өскен.

Жалпы бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының үлесі - 31,3%. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесі - 68,7%. Соған қарамастан, азық-түлік тауарларының өткізілу көлемі 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,7%, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,8% көбейді.

Биыл 1 ақпанда сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек сауда бойынша тауар қорының көлемі 509,5 млрд теңгені құраған, сауда күндері - 63 күн.

2019 жылдың қаңтар айында көтерме сауда көлемі 1 503,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 9,6% артық. Көтерме тауар айналымы құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басымдыққа ие болып отыр. Олардың жалпы үлесі 77,7% құрады.

Соңғы жаңалықтар