Қазақстанда бизнесті қолдау үшін мемлекет айтарлықтай қадам жасады - А. Перуашев

None
None
күйектің 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қазақстанда бизнесті қолдау үшін мемлекет айтарлықтай қадам жасады.

 

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің депутаттарымен кездесу барысында «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бизнес қауымдастығы Мемлекет басшысының экономиканы индстрияландыру бағдарламасын оң әрі үлкен үмітпен қабылдады.  Тоқтала кететтін жайт, дағдарыс басталған  жылдардан бері қарай отандық кәсіпкерлер билік басшыларының қолдауларын сезініп келеді. Жеке кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер де Үкіметке, Парламентке уақытында жетеді. Осының өзі шағын бизнесті жігерлендіріп те отырады. Жалпы, бүгінгі күні Қазақстанда бизнесті қолдау үшін мемлекет тарапынан айтарлықтай қадам жасалды деп айтуға болады», деді А. Перуашев.

Дегенмен де, ұлттық палата төрағасы бизнес қауымдастық тарапынан жасалған ұсыныстардың мемлекеттік орган тарапынан жүзеге асуы да қиындық тудыратынын атап өтті. Оның айтуынша, индустрияландыру бағдарламасын дайындау барысында республиканың барлық өңірінен экономиканың нақты секторын инвентаризациялау туралы ұсыныс келіп түскен. «Бұл шара негізінен бюджеттен бөлінген қаражатқа қатысты қандай іс атқарылғанын есептеп, білуге бағытталған еді. Дегенмен бұндай мәселе қолдау таппады, керісінше бірден теріске шығарылды. Біздің ойымызша, бұндай шара еліміздің алдағы дамуы үшін өте өзекті болып табылады», деді А. Перуашев. Сонымен бірге, индустрияландыру бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің негізгі міндеттері мәселесіне тоқталған палата төрағасы, бизнестің нақты секторға қарай ойысып өндірістік сипатқа ұласуы қажеттігін атап өтті.   

Соңғы жаңалықтар