Қазақстанда бизнестегі әйелдердің үлесі 60 пайыздан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әйелдердің бизнестегі үлесі 60 пайыздан асады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева айтты.

«Қазақстанда әйелдердің көпшілігі қызмет көрсету, қонақ үй, сауда, ауылшаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істеп жүр. Бұл үрдіс соңғы 5 жылда өзгерген жоқ. Аталған салалар Қазақстан экономикасының басым бөлігін қамтиды», - деді А.Соловьева.

Оның айтуынша, Қазақстанда ерлер көбіне ірі өнеркәсіп саласында, атап айтқанда, мұнай-газ, ауыр өнеркәсіп саласында жұмыс істейді.

«Алайда, соңғы уақытта бұл үрдіс өзгере бастады. Мысал ретінде «ТеңізШевройл», «Аджип» компанияларынан алынған есептерге сүйене отырып, мынадай мәселені айта аламын. Компаниялар ұсынған 7 лауазымның 4-іне әйел адамдар лайық болып танылған. Сондықтан, бұл жерде мәселе кәсіби біліктілікте болса керек», - деп қорытындылады депутат.

Соңғы жаңалықтар