Қазақстанда бизнеске несие беру саласындағы кедергілер айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта кәсіпкерліктегі белсенді кәсіпорындар санының қысқаруы үрдісі тіркеліп отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағын және орта бизнесті дамыту үшін маңызды талаптардың бірі – ол несиелік ресурстарға қолжетімдік. Соңғы жылдардың статистикасына қарағанда, шағын және орта биззнесті (ШОБ) банк тарапынан несиелу біртіндеп төмендегені байқалды. 2017 жылдан ШОБ субъектілеріне арналған банктік займдар 22 пайызға қысқарды, 5 трлн теңгеден 4,1 трлн теңгеге дейін. Сонымен қатар осы мерзімде жеке тұлғаларды несиелендіру 64 пайызға өсті», - деді М. Әшімбаев Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті жаңа бастағандар мен микробизнеске несие алу қиынға түседі. Олардың көбінде кепілді мүлік пен жеткілікті айналым қаржысы болмайды.

Банктер қарыз алушылардың осы санатын несиелеуге асықпайды, себебі ірі клиенттерге ғана екпін қойылған. Бұл бағытта банктерде өз мүддесі бар, яғни тәуекелдер мен табыстың деңгейін назарға алып отыр. Осы жағдайда микробизнес иелері жеке тұлғалар сияқты жылдық 20-25 пайызбен қаржы қарызын алуға мәжбүр болады.

«Бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруді жалғастыру керек. Әсіресе, ақпараттық-түсіндіру бөлігіне назар аудару қажет», - деді Сенат Төрағасы.

Зерттеу мәліметтерінше, кәсіпкерлер көбіне өзіне қажет консультацияларды алмайды. Шағын бизнес мемлекеттік қолдау шаралары жайында білмей жатады.

«Осы орайда бірыңғай үйлестіру орталығы және ақпараттық портал керек болар, яғни кәсіпкерлер «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көмек алар еді», - деді М. Әшімбаев.


Соңғы жаңалықтар