Қазақстанда биылғы он айдағы инфляция көрсеткіші 6,3%-ды құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қазанда инфляцияның жылдық көрсеткіші 6,3%-ды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2014 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 6,3% деңгейінде қалыптасты. Өткен жылы 3,6% деңгейінде қалыптасқанын атап өту керек. Азық-түлік тауарлары 2014 жылдың басынан бері 6,1%-ға (1,8%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 7,3%-ға (2,2%-ға), ақылы қызмет көрсету - 5,6%-ға (7,1%-ға) қымбаттады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2014 жылғы қазанда инфляция көрсеткіші 0,4% болды.

ҚР Ұлттық банк келтірген деректер бойынша, қазан айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға (0,2%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5%-ға (0,4%-ға) көтерілді. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,2%-ға (0,2%-ға) өсті.

«Биыл қазанда азық-түлік тауарларының ішінде кондитерлік өнімдер 1,1%-ға, сүт өнімдері - 0,9%-ға, жемістер мен көкөністер - 0,9%-ға, ұн - 0,8%-ға, ет және ет өнімдері - 0,5%-ға, нан - 0,4%-ға, күріш - 0,3%-ға, балық және теңіз өнімдері - 0,3%-ға, макарон өнімдері - 0,2%-ға, сондай-ақ темекі бұйымдары - 2,0%-ға қымбаттады.

Ал, есесіне қанттың бағасы 3,4%-ға, қарақұмық - 0,2%-ға, май және тоң майлар - 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында сыртқы киімнің бағасы 0,7%-ға, аяқ киім - 0,6%-ға, тұрмыстық үй заттары - 0,4%-ға, дәрі-дәрмектер - 1,2%-ға өсті.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,3%-ға өсті. Бұл ретте тұрғын үйді жалға алғаны үшін тарифтер 1,5%-ға, тұрғын үйді ұстау - 0,6%-ға, қатты отын - 2,9%-ға өсті, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ үшін тарифтер 0,5%-ға төмендеді. Бұдан басқа, өткен айда амбулаторлық қызмет көрсету бағасы 0,3%-ға, білім беру қызметі - 0,7%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметі - 0,6%-ға көтерілді, көлік қызметі - 0,4%-ға арзандады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар