Қазақстанда биыл 48 адам пойыздың астына түсіп мерт болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежелуінің 1472 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде темір жол алқабында мал жайылуына байланысты - 1014, теміржол төсемінде адамдардың болуына байланысты - 288 факті.

Сондай-ақ жылжымалы құраммен адамды басып кетудің 69 фактісі болды, оның ішінде қаза болғандар - 48 адам, 21 адам жарақат алған. Кәмелетке толмағандар саны - 10.

«Темір жол - аса қауіпті аймақ. Осыған орай көлік полициясы қараусыз қалған мал пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді. Азаматтар мал жаю ережесін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында мал жаймауы тиіс» деп ескертеді полиция.


Соңғы жаңалықтар