Қазақстанда бірыңғай экологиялық портал құру ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева экология саласында бірыңғай портал құру ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және қалыптастыру» атты дөңгелек үстел отырысында министр жаңа экологиялық жобаларды енгізу туралы ұсыныстарға қолдау білдірді.

«Ақпараттық қолдауға келетін болсақ, барлық экологиялық жобаларды, бастамаларды және жекелеген акцияларды бірыңғай порталға біріктіруді, Ақпарат министрлігінің оларды ақпараттық агенттіктерде насихаттауы туралы ұсынысты қуана қабылдаймын», - деді министр.

Оның айтуынша, Атырау, Орал, Өскемен қалаларындағы экологиялық жағдай бойынша нақты бизнес-ұсынымдар түсіп жатыр.

«Мемлекеттік компаниялар арасында экологиялылықты енгізу, халықтық бақылау орнату ұсыныстары өте маңызды болып табылады. Тағы бір жақсы идея –экологиялық тәрбиені насихаттауға танымал тұлғаларды, шоу-бизнес жұлдыздарын тарту», - деп атап өтті А. Балаева.


Соңғы жаңалықтар