Қазақстанда бірыңғай бизнес тізілім іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Бірыңғай бизнес тізілім іске қосылады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін көп дүние жасап жатыр. Мәселен, 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылға тыйым салу күшіне енеді. Және де қоғам да бизнестен қауіпсіз әрі сапалы тауарлар мен қызметтер шығаруы үшін адал жұмыс жүргізуін талап етуге құқылы. «Атамекенде» адал бизнесмендерді қорғау және қолдау үшін жұмыс ісейтіндігін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Дегенмен, қандай бизнесмен адал, ал қайсысы адал емес? Бұл сауалға ешкім де біржақты жауап бере алмайды», - деді ол Бизнесті қорғау жөніндегі IV форумда.

Оның атап өтуінше, бұл міндетті шешу үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес тізілімін әзірлеп жатыр. Аталған тізілімді әзірлеу барысында бүкіл әлемге танымал Dun & Bradstreet, СПАРК халықаралық әдістемесі негізге алынған.

«Бірыңғай бизнес тізілім мемлекеттік органдардың барлық мәліметтер базасымен ықпалдастырылатын болады. Тізілімді 2020 жылдың 2-тоқсанында іске қосу жоспарланған. Жол картасы аясында алға қойылған міндеттерді толықтай жүзеге асыруда өңірлердегі жұмыстарды да күшейту маңызды», - деді Рустам Жүрсінов.

Соңғы жаңалықтар