Қазақстанда бірнеше қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бірнеше қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, аталған тұлғалар «Bank RBK» АҚ пен «Қазкоммерцбанк» АҚ қаражатын ұрлауға қатысты қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның арнаулы прокурорлар қызметі жауапқа тартқан куәгерлер мен күдіктілерден қылмыстық жауапкершіліктен босатамыз деген желеумен ақша қаражатын бопсалаған.

Атап айтқанда, 16 ақпанда Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлімбетов пен азаматша Аманғалиева 315 мың АҚШ долларын алып жатқан жерінен ұсталды.

Ал бұған дейін осы жылдың қаңтарында Алматы қалалық МКД экономикалық тергеулер қызметінің қызметкері Ысқақов пен жұмыссыз азаматтар Әлпиев пен Сүлейменов талап етілген 1 млн доллардың 500 мың долларын алу барысында ұсталған еді.

«Аталған тұлғалардың барлығы да жасаған істерін мойындап, әрекеттерін тез баю үшін жасағандықтарын айтуда», - деп атап өтеді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар