Қазақстанда бірқатар спортта бас бапкерлер қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бірқатар спорт түрі бойынша бас жаттықтырушылар жұмысынан босатылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда министрлік республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып, бірқатар олимпиадалық спорт түрінен бас жаттықтырушыларды ауыстырды. Оған себеп – ұлттық құрама спортшыларының кешенді және халықаралық жарыстарда төмен нәтиже көрсетуі», - деді Самат Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының мәлімдеуінше, алдағы уақытта бас жаттықтырушылардың жұмысы заңмен реттелмек.

«Айта кету керек, біздің заңнамада бас бапкерлерді жұмыстан босатудың нақты критерийлері жоқ. Сондықтан қазір бұл мәселені көтеріп, оны заңнамалық тұрғыдан түзетеміз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бірқатар спортта бас жаттықтырушылардың қызметтен кетуі мүмкін екенін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар