Қазақстанда біреуді азаптағаны үшін сотталғандар саны қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы ҚР ҚК 146-бабы (азаптау) бойынша сотталған адам саны 24 адамды құраса, 2020 жылы осы бап бойынша 13 адам сотталды. Бұл жөнінде 2019-2020 жылдары жүргізілген алдын ала бару қорытындысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының жинақталған баяндамасын таныстыру барысында белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, ҰАТ азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін анықтау және алдын алу мақсатында жабық мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылаудың түрі болып табылады.

ҰАТ жұмысына тартылған сарапшылардың міндеті – адамдарды қоғамнан оқшаулау орындарына тұрақты бару және адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына мониторинг жүргізу.

2020 жыл БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі үйлестіретін Қазақстандағы ҰАТ қызметінің жеті жылдық кезеңінің тиімділігін атап өтті.

ҰАТ қатысушыларының құрамына қоғамдық бақылау комиссияларының, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, тәуелсіз сот сарапшылары, дәрігерлер кіреді.

ҰАТ қатысушыларының мониторингтің 3 түрін жүзеге асыруға құқығы бар: кезеңдік бару ; мекемелерде бұрын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растауға байланысты аралық бару , сондай-ақ азаптаулар және басқа да адамгершілікке жатпайтын қатыгез іс-әрекеттер мен жазалау түрлері туралы келіп түскен шағымдар мен хабарламалар негізінде жүзеге асырылатын арнайы бару . Қазіргі уақытта ҰАТ-мен қамтылатын мекемелердің саны барлық ел бойынша 3000-нан асады.

«ҚР Президенті өзінің халыққа Жолдауында басты идеясы азаматтардың мүддесі үшін ғана әрекет ететін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылатын халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының маңыздылығын тағы да атап өтті. Бұл бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдарға қатысты. Егер мемлекеттік органдар адам құқықтарының бұзылуы туралы хабарламаларға уақтылы ден қоятын болса, осындай бұзушылықтарға ықпал ететін себептерді жою жөнінде сапалы алдын алу шараларын қабылдайтын болса, онда біз тиімді нәтижелерге қол жеткіземіз, атап айтқанда, әлеуметтік шиеленісті төмендету және халықтың мемлекеттік билікке сенімін нығайту, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту» , - деп ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова назар аударады.

Баяндамада атап өтілгендей, пандемия және ҚР аумағында төтенше жағдай енгізу аясында 2020 жылғы 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҰАТ Үйлестіру кеңесінің төрағасы бола отырып, 2019 жылы алдынғы жылы орындалған алдын ала барулар қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталғанбаяндамасын таныстыру мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ұсынылған баяндама 2019-2020 жылдардағы ҰАТ жұмысының нәтижелерін қамтыды.

Коронавирус пандемиясы жағдайында көптеген мемлекеттер жабық мекемелердегі адамдарға баруға шектеулер қойды, осыған байланысты зорлық-зомбылықтың қосымша қауіптері пайда болды.

Сонымен қатар Қазақстанда төтенше жағдай кезінде ҰАТ қатысушылары өз жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Карантин кезеңінде 159 алдын ала барулар жүзеге асырылды, ҰАТ қатысушыларының жабық мекемелердегі адамдармен 43 бейне қоңырау(онлайн-сұхбат) телефон арқылы 58 консультацияжүзеге асыруға берілді.

Осылайша, бүкіл ел аумағында өткен жылы алдын ала барулар саны 517 -ге дейін өсті, бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден 22 -ге артық.

БҰҰДБ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш атап өткендей, жалпы есепті кезеңде ҰАТ қатысушылары 1012 алдын ала баруларды жүзеге асырды, олар жабық мекемелердің барлық түрлерін қамтыды және адам құқықтарының бұзылуының көптеген жағдайларын анықтауға мүмкіндік алды, бұл COVID-19 пандемиясы аясында ерекше өзекті: «ҰАТ жабық мекемелердегі азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жөніндегі міндеттерді шешуде өзінің құндылығы мен маңызын дәлелдеді, бұл COVID-2019 жаһандық пандемиясын Біз Қазақстандағы ҰАТ БҰҰ азаптаулардың алдын алу жөніндегі комитетінің барлық ұсынымдарын ұстанғанын көрдік және карантиндік режим кезеңінде профилактикалық баруларды сәтті жалғастырды».

Эльвира Әзімова бүкіл әлем үшін қиын кезеңде жұмысты ең алдымен адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өңірлік топтарымен өзара уағдаластығының және бару процесінде санитарлық нормаларды қатаң сақтаудың арқасында жүргізуге мүмкіндік болғанын атап өтті.

Алдын ала барулар қорытындылары бойынша ҰАТ қатысушылары берген ұсынымдардың жалпы саны 3319 -ды құрады. Ұсынымдар адамдарды ұстау (тұру) жағдайларына да, оларға медициналық қызмет көрсетуге, тамақтануға, білім алуға, қажетті заттай ризықпен және бос уақытын қамтамасыз етуге де қатысты.

Бүгінгі күні уәкілетті органдар көрсетілген ұсынымдардың 937 -ін немесе 28%- ын орындады, 2341 немесе 70,5%- ы орындау сатысында, 41 ұсыным (1,2%) қабылданған жоқ.

Жабық мекемелерде азаптауды қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерге келетін болсақ, баяндаманы таныстыру барысында келесі сандар айтылды. Егер 2019 жылы ҚР ҚК 146 -бабы («азаптаулар») бойынша сотталған адамдардың саны 24 адамды құраса, 2020 жылы осы бап бойынша 13 адам сотталды.

2020 жылы ҚР ҚК 362-бабының төртінші бөлігі бойынша («күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіріп билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») 41 лауазымды адам сотталды (2019 жылы - 38) .

«ҰАТ қызметі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан адам құқықтары саласында қабылданған міндеттемелердің орындалу тиімділігін бағалау аясындағы адам құқықтарын қорғаудың маңызды бағыты болып табылатынын түсіне отырып, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтық қоғаммен бірлесіп, оны тұрақты нығайту және жетілдіру жағдайында өзара іс-қимылын жалғастыру қажет», - делінген баяндамада.

Осыған байланысты 2019 жылы БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, мекемелердің есептілігі мен мониторингі жүйесін институттандыруға, барулар қорытындылары бойынша бағалау көрсеткіштері мен индикаторларын күшейтуге және ҰАТ қатысушыларының кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған «Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігін нығайту» үш жылдық жобаны іске асыру басталды.


Соңғы жаңалықтар