Қазақстанда бір жылда үй жануарларының кесірінен болған жол апатынан 30 адам өлген

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан жолдарында былтыр және биылғы үш айда үй жануарларының кесірінен 120 жол-көлік оқиғасы болып, 33 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақавтожол» компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2021 жылы иен жүрген малды көлік қағып кетудің 109 дерегі тіркелген. Одан 139 адам зардап шегіп, 30 адам қаза тапты.

«2022 жылдың бірінші тоқсанында осындай 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 15 адам түрлі дене жарақаттарын алса, 3 адам қайтыс болды», - деді «Қазақавтожол» Алматы облыстық филиалының бас инженері Берік Сарқытбаев журналистермен кездесу барысында.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар жолдардың бойында малдың жолға шығуына кедергі келтіретін 855,331 шақырым қорғаныс қоршау орнатылды.

«Осы бағытта республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық акция іске қосылды, оның шеңберінде серіктестік үй жануарларын бақылаусыз жаю қаупі туралы жадынама әзірлеп, үй жануарларының иелерімен жеке кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, акция аясында үй жануарларына арналған жарық шағылыстыратын ленталар таратылып беріліп жатыр»,- дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар