Қазақстанда бір жылда 126 жекеменшік мектеп ашылды – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылда елімізде жекеменшік мектептердің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Барлық оқу ұйымдары мемлекеттік білім беру тапсырысын алады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«2019-2020 жылдары 40 мыңнан астам оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды. Бұған меншік нысанына қарамастан, жалпы білім беретін мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды және мемлекеттік қолдау құралдарын енгізу ықпал етті. Мектептердің құрылысы есебінен оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады», - деп атап өтті Бибігүл Асылова.

Вице-министр атап өткендей, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа қатысты консультацияны бағдарлама операторы - «Қаржы орталығы» АҚ береді.


Соңғы жаңалықтар