Қазақстанда бір тәулікте 93 оқушы коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 93 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 қыркүйек пен 20 қараша аралығында оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 1251 жағдайы тіркелді.

Оның ішінде 256 - кезекші сыныптарда, 895 жағдай - қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында анықталды.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 93 оқушы анықталды, оның ішінде офлайн режимде - 23, онлайн режимде - 70 оқушы.


Соңғы жаңалықтар