+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда бір оқушыға қанша қаражат бөлінеді - Ұлттық кеңес

2020 жылғы 27 мамыр 12:53
Бөлісіңіз:
Қазақстанда бір оқушыға қанша қаражат бөлінеді - Ұлттық кеңес

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқушылардың білімін халықаралық бағалау бойынша Қазақстан дамыған елдерден артта қалып келеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушылардың білімін халықаралық бағалау бойынша Қазақстан дамыған елдерден артта қалып келеді. Оның бірнеше себебін келтіруге болады. Бірақ оның басты себебі – білім саласына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігі және осындай маңызды салада реформалардың жүйелі болмауы», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

Президенттің айтуынша, білім беру – экономиканың өте маңызды саласы.

«Білім саласына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінің де өз себептері бар. Көрпеге қарай көсілу керек дегендей, қаражатқа қарай өмір сүру керек. Бірақ, орта есеппен бір оқушыға жылына мың доллардан аз қаражат бөлеміз. Ал PISA рейтингіндегі үздік ондыққа кіретін елдер бір балаға 10-14 мың доллар бөледі. Бұған көңіл бөлуім де тегін емес. Сапалы білім берудің базалық жағдайы – заманауи нормаларға, жабдықтау стандарттарына, эргономикаға сай келетін мектеп инфрақұрылымы. Қазақстан мектебіне жақсы жабдықталған және бала саны аз сыныптар қажет. Ол үшін де бірқатар қадам жасалды. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 мыңнан астам орынға 800 жаңа мектеп салынады, ауылдық мектептерге 114 интернат және 700-ден астам спорт залдары тұрғызылады», - деді Қ. Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT