Қазақстанда бір айдың ішінде тұрғын үй бағасы 1,2 пайызға қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 айдың ішінде тұрғын үй бағасы 1,2 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір айда ( маусымнан мамырға қарағанда) абаттандырылған тұрғын үйді алып сату бағасы – 1,2, жаңа тұрғын үйді сату 0,9 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3 пайыз жоғары болды», - делінген бюро тартқан ақпаратта.

Ал ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда маусымда жаңа тұрғын үйді сату – 9,2, абаттандырылған тұрғын үйді алып сату – 14,7, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 7,4 пайызға көтерілген.

Сонымен қатар 2020 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда осы жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа тұрғын үйлер 9,6 пайызға қымбаттап, шаршы метрі 338 450 теңгеге жетті.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді алып сату құны 22,3 пайызға көтеріліп, шаршы метрі 267 364 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,9 пайыза артып, шаршы метрі үшін 1 764 теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар