Қазақстанда бір аптада 3387 қылмыс тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде республика бойынша тіркелген қылмыс саны 80-ге артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елдегі криминогендік ахуал туралы мәлімет берді.

«Бір апта ішінде республика бойынша 3387 қылмыс жасалды. Оның 2304-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 12 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 28 тонау және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді ол ведомствоның кезекті онлайн брифингісінде.

Еске салсақ, бір апта бұрын елімізде 3 307 қылмыс тіркелген болатын.

«Бір апта ішінде 3 307 қылмыс жасалды, оның 2 207-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 34 қарақшылық пен тонауды және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деген болатын министрліктің ресми өкілі.


Соңғы жаңалықтар