Қазақстанда бір аптада 3,3 мың қылмыс жасалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс жасалды, оның 2184-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің – 13, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 6, қарақшылықтың – 1, тонауға қатысты – 45 және бөтен мүлікті ұрлаудың 511 қылмысын ашты», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Еске сала кетсек, қаңтар айының соңғы аптасында 3146 қылмыс тіркеліп, оның 2042-і тәулік ішінде ізі суымай әшкереленді. Полиция қызметкерлері кісі өлтіруге қатысты – 8, өлімге апарып соқтырған қасақана денсаулыққа зиян келтірудің 8 қылмысын ашқан.

Соңғы жаңалықтар