Қазақстанда «Бейбітшілік жауынгері» байқауына іріктеу жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Командаларды 2019 жылғы Халықаралық армия ойындарына қатысуға даярлау үшін Қарулы Күштер масштабында «Спасск» оқу полигонының базасында «Бейбітшілік жауынгері» конкурсына қатысу үшін үміткерлерді іріктеу жарысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған желтоқсаннан наурызға дейін әскери бөлімшелерде, өңірлік қолбасшылықтарда, Қарулы Күштердің түрлерінде кезең-кезеңімен өткізілген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Жалпы, жарыста 76 әскери қызметші бақ сынады, соның 20-сы - әйелдер.

Халықаралық жарыс қатысушыларының кәсіби шеберлігі: «Атлет» әскери-спорт кезеңі; «Кәсіби» әскери-кәсіби кезеңі; атыс даярлығы бойынша «Снайпер» жарысы; «Кавалер» әдеби-көркем және би конкурсы; әскери сала тарихы бойынша «Эрудит» байқауы арқылы анықталады.null

Іріктеу қорытындысы бойынша ең үздік нәтижеге жеткен 16 адам таңдалды. Соның 11-і - ер, 5-еуі - әйел. Олар енді байқауға дайындығын жалғастырады.

Еске сала кетейік, «Бейбітшілік жауынгері» халықаралық конкурсы «2019 жылғы Халықаралық армия ойындары» тізіміне кіреді. Биыл ол Армения Республикасында өтеді.

2018 жылы Қазақстан командасы аталмыш байқауда бірінші орынды жеңіп алған болатын.null

Соңғы жаңалықтар