+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қазақстанда бес жылда орман қорына 2 млрд түп ағаш егіледі

2021 жылғы 5 қаңтар 15:45
Бөлісіңіз:
Қазақстанда бес жылда орман қорына 2 млрд түп ағаш егіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орман – қазақстандықтардың байлығы. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан орман алқабы аз мемлекеттер қатарына жатады. Орман қорына жататын жерлердің жалпы көлемі 30 млн гектарды құрайды. Яғни республикамыздың 11%-ын ғана алып жатыр. 13 млн гектар жерде орман өсуде. Ормандылық көрсеткіш 4,8% құрайды. 2030 жылға қарай елдегі орман алқабы көлемін 5%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда», - деді министр.

Министрдің айтуынша 5 жыл ішінде орман алқаптарында 2 миллиард және елді мекендерде 15 млн ағаш егіледі. Бұл бағытта министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемдерін анықтаған. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта орманды алқаптарды көбейту мен орман өсірудің кешенді жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT