Қазақстанда бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

10 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

10 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

10 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Шымкентте ертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

9 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар