Қазақстанда бензинге сұраныс 40 пайызға төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың салдарынан мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мәліметінше, еліміздің ірі қалаларында карантиннің енгізілуіне және мұнай өнімдерін тұтынудың азаюына байланысты отандық мұнай өңдеу зауыттары теңдестірілген ең төмен қуатпен жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда мұнай өңдеуді төрт кәсіпорын жүзеге асырады: «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ-і), сондай-ақ «CASPI BITUM» БК» ЖШС битум зауыты.

«2020 жылғы сәуір айында мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс автобензин мен дизель отынына 40, ал авиациялық отынға 70 пайызға айтарлықтай төмендеді. Бұл мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізушілерінен келіп түсетін өтінімдер динамикасына жасалған талдаудың нәтижесімен расталып отыр. Қоймаларда мұнай өнімдерінің шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ-дерінде мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін шығару көлемдері ең төмен деңгейге дейін азайтылды. Зауыттар өз қызметін жалғастыруда», - делінген таратылған ақпаратта.




Соңғы жаңалықтар