+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Қазақстанда бензин сапасын тексеретін құзырлы орган пайда болды

2021 жылғы 16 қыркүйек 18:26
Бөлісіңіз:
Қазақстанда бензин сапасын тексеретін құзырлы орган пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бензин сапасын тексеретін құзырлы орган анықталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысындағы көлдер қалай тазартылады Атырауда мұнай өңдеушілер 5 гектарға 2 500 көшет отырғызады Әділет министрі қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған заңдар туралы айтты

«Қоршаған орта ластануының үш негізгі көзі бар. Бірінші кезекте - түрлі қалдықтар. Екінші – ЖЭО (жылу электр орталығы) себебі ол көмірмен жұмыс істейді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша төрт қазандық газға ауыстырылды. Жыл соңына дейін газға ауысатын қазандықтардың санын 12-ге жеткіземіз. Сонымен қатар, қала аумақтарында 160-қа жуық қазандық бар, оның мәселесін әкімдік шешуі керек. Одан бөлек, автокөлік мәселесі бар. Бұл жерде де бірқатар проблема бар, оның ішінде бензиннің сапасына да қатысты. Осыған дейін елімізде құзыретті орган болған жоқ. Бүгінгі таңда бензиннің сапасын тексеретін құзыретті орган анықталды», - деді З. Жолдасов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының сөзінше, бүгінде елордадағы жеңіл автокөліктердің 50 пайызы Еуро-4 және Еуро-5 стандартына жатады.

«Аталған стандартқа сәйкес келетін көлік санын көбейту қажет. Ол үшін бақылау жүргізу қажет. Яғни автомобильдерді бақылау және техникалық байқау жағдайларын жақсарту керек», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы әзірленді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT