Қазақстанда бензин өндірісінің көлемі 11 айда 28,9 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында бензин өндіру көрсеткіші 3599 мың тоннаға жетіп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,9 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есеп кезеңінде 343,4 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғандағы өсім - 23,1 пайыз), 2277,8 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (+7,8 пайыз), 4327,2 мың тонна газойль (+8,3 пайыз), 2662,3 мың тонна мазут (-12,3 пайыз) өндірілді.

Сондай-ақ 1903,5 мың тонна ферроқорытпа (+8,1 пайыз), 2483,4 мың тонна жазық прокат (-5,5 пайыз), 137,9 мың тонна тазартылған қорғасын, (+0,8 пайыз), 300,5 мың тонна мырыш (-0,8 пайыз), 401 мың тонна тазартылған мыс (+3,8 пайыз) өндірілген.

Соңғы жаңалықтар