Қазақстанда бензин өндірісі 9,1% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында бензин өндірісі 1420,4 мың тоннаға жетті. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,1 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде Қазақстанда 92,3 мың тонна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-мамыр айларына қарағанда 12,8 пайызға артық. Сонымен бірге, 1042 мың тонна (+6,7 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан, 1802 мың тонна (-3,7 пайыз) газойль, 1310,3 мың тонна мазут (+2,6  пайыз) шығарылған.

Бұдан бөлек, қаңтар-мамыр айларында 842,6 мың тонна (+2,7 пайыз) ферроқорытпа, 1272,3 мың тонна (+8 пайыз) тегіс прокат, 63,9 мың тонна (+4 пайыз) тазартылған қорғасын, 137,6 мың тонна (-1,9 пайыз) мырыш, 169,2 мың тонна (-2,9 пайыз) тазартылған мыс өндірілген. 

Соңғы жаңалықтар