Қазақстанда бензин өндірісі 11,7% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндірісі 1761,9 мың тоннаға жетті. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,7 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде Қазақстанда 121,8 мың тонна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 9,4 пайызға артық. Сонымен бірге, 1247,4 мың тонна (+6,6 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан, 2224,3 мың тонна (-0,9 пайыз) газойль, 1505,9 мың тонна мазут (-2,5 пайыз) шығарылған.

Бұдан бөлек, 1014 мың тонна (+4,5 пайыз) ферроқорытпа, 1461 мың тонна (+6 пайыз) тегіс прокат, 75,9 мың тонна (+3,2 пайыз) тазартылған қорғасын, 164,5 мың тонна (+1,2 пайыз) мырыш, 199,5 мың тонна (-5,7 пайыз) тазартылған мыс өндірілген.

Соңғы жаңалықтар