+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қазақстанда бензин мен дизель биржа арқылы саудаланады

2020 жылғы 25 ақпан 16:03
Бөлісіңіз:
Қазақстанда бензин мен дизель биржа арқылы саудаланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде өндірілген бензин мен дизель отының 10 пайызы биржа арқылы саудаланатын болады. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нарықтағы қарым-қатынастарды, оның ішінде мұнай өнімдерінің ашық саудада болуын қамтамасыз ету бағытында мұнай өнімдерін, атап айтқанда, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін мазут пен авиакеросинді биржаға шығарып, саудалау тәсілдерін ұйымдастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың 1 қаңтарында осы әдіспен нарыққа шыққан бензин мен дизель отынының 10 пайызы биржада саудаланады. Біз осылайша бұл әдісті сынақтан өткіземіз», - деді министр.

Еске салсақ, ол 2019 жылы 180 мың тонна бензин экспортқа шығарылғанын айтты.

«Дегенмен шекаралас Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға контрабандамен 400 мың тоннаға жуық бензин мен басқа да жанар-жағармай түрлері шығарылған», - деген Нұрлан Ноғаев бұған алдағы уақытта жол бермеу үшін бензинді автомобильмен ел аумағынан шығаруға тыйым уақыты ұзартылатындығын ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT