+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанда бензин бағасы өсуі мүмкін бе

2019 жылғы 17 қазан 13:43
Бөлісіңіз:
Қазақстанда бензин бағасы өсуі мүмкін бе

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бензинге акциз көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда отын энергетикасының өндірісі төмендеді Бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ – Энергетика министрі Қазақстан биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспорттайды

«Бүгінде бензиннің әрбір литрінде акциз бар, оның сомасы - 8 теңге. Қазіргі кезде акцизді тағы 10 теңгеге көтеру талқыланып отыр. Бұл қадам не үшін ұсынылып отыр? Өздеріңіз білесіздер, бюджеттік шығыстар елеулі көлемде өсті, оның ішінде әлеуметтік міндеттемелер артты. Республикалық бюджетте әлеуметтік салаға арналған шығыстар 45 пайыздан асты. Бұл тұрғыда бюджеттік консолидация қажеттігі бар, оның ішінде акциздердің фискалды қызметі арқылы. Қаулының жобасы қазір бұқарада талқылануда, осы орайда түрлі ұсыныстар жасалып жатыр», - деді Руслан Дәленов Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, акцизді арттырудың алдын ала датасы биылғы жылдың 1 желтоқсанына жоспарланып отыр. Бүгінде АИ-92 бензинінің литрі шамамен 150 теңге, кей жерлерде 149-152 теңге аралығында.

«Акциздің ставкасы тек 8 теңге, көршілес елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш өте төмен. Шетелде бензиннің жарты құнын акциз құрайды. Бізде аталған ұсыныс әлі де талқылау барысында», - деді министр.

Ведомство басшысы аталған ұсынысқа байланысты бензин бағасының өсуі мүмкіндігіне пікір білдірді.

«Егер де акциз қосылса, бензин алты пайызға қымбаттайды деп ойлаймын. Ал егер сол деңгейде қалса, бұрынғы баға сақталады. Шамамен 10 теңгеге қымбаттауы ықтимал», - деді Руслан Дәленов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT