Қазақстанда «Беларус» тракторларына кабина шығаратын зауыт болады
2021 жылғы 3 желтоқсан 21:25

Қазақстанда «Беларус» тракторларына кабина шығаратын зауыт болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында Минск трактор зауытымен бірлесіп зауыт салынып жатыр. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Минск трактор зауытымен бірлесіп «Беларус» тракторларына арналған қуаты жылына 10 мың кабина шығаратын кабина өндірісі зауыты салынуда (4,2 млрд. теңге, шамамен 100 жұмыс орны, іске қосу мерзімі - 2022 жыл)»,- деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жоба «Беларус» тракторларының қолданыстағы өндірісін жергіліктендіру деңгейін арттыруға бағытталған.

«Бұл ретте, кәсіпорынның таяудағы жоспарларында тракторлардың дизельді қозғалтқыштары, пластикалық бөлшектер (капот, кабинаның төбесі, қанаттары), порталдық белдіктер өндірісін жолға қою мақсатында жалпы ауданы 16 мың шаршы метр болатын тағы 2 өндірістік корпус салу көзделген», - облыс әкімі.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT