+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қазақстанда «Бекіре – 2020» балық қорғау акциясы басталды

2020 жылғы 1 сәуір 20:02
Бөлісіңіз:
Қазақстанда «Бекіре – 2020» балық қорғау акциясы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2020» балық қорғау акциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде құқық және табиғат қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың еркін қозғалуын қамтамасыз етіп, соның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуі үшін бірлесіп жұмыс атқарады.

«Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрлері мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасы арасында «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу» туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды. Осы бұйрықпен балық қорғау акциясын өткізуде құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өзара әрекеттесу бойынша Үйлестіру штабының құрамы мен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Үйлестіру штабын басқару Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жүктеледі», - делінген ресми хабарламада.

Акция шеңберінде браконьерлік фактілері жиі кездесетін орындарда стационарлық, жылжымалы бекеттер және қозғалмалы рейдтік топтар құрылды. Негізгі күштерді браконьерлік жиі тіркелетін Атырау облысы шегіндегі Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағасына жұмылдыру көзделген. Бұдан бөлек, кедендік бақылау бекеттерінде, әуежайларда, вокзалдар мен ірі тасжолдарда балық өнімдерін ел аумағынан шығаруды бақылау күшейеді.

«Бекіре-2019» балық қорғау акциясы нәтижесінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдары 1242 заңбұзушылықты анықталды, оның ішінде Атырау облысы аумағында - 916, Маңғыстау облысында - 183, Батыс Қазақстан облысында – 143 оқиға тіркелген. 913 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 62 қылмыстық іс тіркелді және 78 заңбұзушы жауапқа тартылды.

Акция нәтижесінде балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 16,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, 15,6 тонна балық, оның ішінде 3 тонна бекіре тұқымдас балық, 5,4 кг бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы, 4132 дана аулау құралы мен 130 дана жүзу және көлік құралдары тәркіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT