+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қазақстанда «Бекіре – 2020» балық қорғау акциясы басталды

2020 жылғы 1 сәуір 13:39
Бөлісіңіз:
Қазақстанда «Бекіре – 2020» балық қорғау акциясы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бүгіннен бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2020» балық қорғау акциясын бастады. Бұл жайында аталған министрлікке қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде құқық және табиғат қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың еркін қозғалуын қамтамасыз ету, оның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуі, заңсыз балық аулау мен айналымына жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрлері мен Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасы арасында «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу» туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған бұйрықпен балық қорғау акциясын өткізу барысында Құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өзара әрекеттесуі жөніндегі үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Үйлестіру штабын басқару Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жүктеледі.

Акция аясында браконьерлік фактілері көп айқындалатын жерлерде стационарлық, жылжымалы бекеттер және жылжымалы рейдтік топтар құрылды.

«Негізгі күштерді Атырау облысының шегіндегі Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің саға алды кеңістігінде жұмылдыру көзделген, себебі осы жерлерде жиі браконьерлік фактілері тіркеледі. Бұдан басқа, кедендік бақылау бекеттерінде, әуежайларда, вокзалдарда және ірі тасжолдарда Қазақстан Республикасынан тысқары балық өнімдерін шығаруға бақылау жұмыстары күшейтіліп, заңсыз балық айналымы фактілері анықталып, тоқтатылады«, - деді Сәкен Ділдахмет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT