Қазақстанда бедеулікті 90-95 пайызға емдеуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бедеулікті емдеудің барлық мүмкіншілігі бар. Мұндай пікірді бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстанның репродукивті медицина қауымдастығының 9-шы халықаралық конгресі аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бедеулік тек әйелдің ғана емес еркектің де проблемасы. Екеуінің ара жігін пайызбен есептер болсақ, онда бедеулік елуде елу деуге болады. Оның себебі өте көп. Бірақ, көбіне бедеулік туа берілмейді, адамның өмір сүру салтына байланысты пайда болады. Бедеуліктің түрі көп. Ол көбінесе қабыну процесінен болған жатыр түтікшелерінің бітелуі сияқты физиалогиялық қабілеттің төмендеуінен туындап жатады», - деді ол.
null 

Емхана директорының дерегінше, бүгінде бедеулік отбасылардың 15-20 пайызында кездеседі. Яғни, әрбір 5-ші, 6-шы отбасы бедеулік мәселесімен бетпе-бет келіп отыр.

«Оның емі бар. Жалпы, туа біте берілетін бедеулік өте аз кездеседі. Ал енді бүгінгі медицинаның, биологиялық жетістіктердің және денеден тыс ұрықтандыру әдісінің арқасында бедеулікті 90-95 пайызға емдеуге болады. Қазақстанда оның барлық мүмкіндігі бар», - деді Байқошқарова.

Оның сөзіне қарағанда, жасанды ұрықтандырудың табиғи ұрықтандырудан аса айрмашылығы жоқ.

«Табиғи ұрықтандырудың, яғни табиғи жолмен бала табудың өзі 100 пайыз емес. Демек, жас әйел күйеуге тигеннен кейін 12 айдың ішінде екіқабат болуы керек. Экстракорпоральды ұрықтандыру одан екі есе нәтижелі, екі есе жылдам жүкті болуға мүмкіндік береді. Бірақ, ол бедеу болған жағдайда ғана қолданылады. Қазіргі технологиялар бедеулігі бірнеше жыл бұрын пайда болған әйелдер мен еркектерге де көмек бере алады. Әйел мен ер адамның төсек қатынасынан кейін бала пайда бола бермейді. Табиғаттың заңы солай. Яғни, бір айда жас әйелдің бала көтеру мүмкіндігі 15-20 пайыз ғана. Сондықтан денеден тыс ұрықтандру арқылы 100 пайыз кепілдік сұрау орынсыз», - деді Салтанат Байқошқарова.

Соңғы жаңалықтар