Қазақстанда байланыс саласына салынған инвестиция азаюда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде байланыс саласына инвестиция жыл сайын төмендеп келеді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Атап айтқанда, берілген жеңілдіктерге қарамастан, байланыс саласына инвестиция жыл сайын төмендеп келеді. Бүгінде бұл көрсеткіш 33 пайызға азайды», - деді Б. Мусин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Министрлік мәліметіне қарағанда, 2020 жылы инвестиция 169 млрд теңге, 2021 жылы 147,4 млрд теңге болса, 2022 жылғы 10 айда 112,8 млрд теңгені құрады.

«Халықаралық бенчмаркті алатын болақ, Франция байланыс инфрақұрылымына пандемиядан кейін 15,5 млрд еуро, Германия 11 млрд еуро инвестициялады», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бағдат Мусин сапасыз байланыс пен интернет үшін операторлар қомақты сомада айыппұл төлеп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар