Қазақстанда Батыр атты сөйлейтін піл туралы фильм түсіріле бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батыр» атты жаңа фильмнің авторы, актер Фархат Әбдрайымов картинаның түсірілімінің басталуымен құттықтады. Жаңа кинотуындыда Қарағандының хайуанаттар бағында өмір сүрген Батыр атты «сөйлейтін піл» туралы айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыр 1969 жылы табиғат аясында жабайы пілдер арасында дүниеге келген. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің және өзге де адамдардың айтуынша, Батыр жалпы жиынтығы 20-дан астам қазақ және орыс сөздерін айта алған. БАҚ-тағы мәліметтерге сүйенсек, ол тіпті, былапыт сөздерді де білген. Әйгілі піл туралы бірнеше ғылыми мақала жазылып, ол әлемге танылды. Батырдың сыртынан аудиовизуалды жазбалар жүргізілді.


«Үлкен арманымыз 4 жылдан кейін орындалуда. Режиссер Бауыржан Досмағамбетов @baur048  бұл идеяны жарты жыл бойы жүрегінде сақтап келді. 05.07.2017 жылы біз мұны жасадық! Қарағандыда 80-90 жылдары өмір сүрген Батыр атты сөйлейтін піл туралы фильмнің түсірілімін бастадық. Батыр адамның тілімен сөйлейтін, бірақ ол туралы білетіндер көп емес. Оны енді бүтін әлем таниды деп үміттенеміз.

Біз үш елден халықаралық команданың басын қостық (#Казахстан  #Канада #Мексика ). Идеяның авторы әрі режиссері Канададан ұшып келіп, өз арманымен @chaaavz операторымен бөлісті.

Бас продюсер @asya_sagi   ортақ мақтасымызды іске асыру үшін көз ілмеді. Видеода продюсер Ақбар Құрманбаев @akbusya жоқ. Себебі ол сценарийдің жекелеген бөліктерін пысықтаумен айналысып жатыр. Фархат Әбдрайымов @fara_actor  жобаға шынымен жаны аши алатын продюсер. Атқарушы продюсер - Әсел Қодарова.

Видеода біз барлық түсірілім тобының қолтаңбалары қойылған тәрелкені сындырып жатырмыз. Әркім үйіне оның бір бөлшегін естелікке алып кетеді. Біздің фильмде айтылған жарқын әрі мейірімге толы хикая жүрегімізде мәңгі қалатынына сенеміз», - деп жазды Инстаграмда Фархат Әбдрайымов.

 

4 года мы шли к своей Большой Мечте🌟 Полжизни хранил в своём сердце Идею Режиссёр Бауржан Досмагамбетов @baur048 🎥 Сегодня 05.07.2017 мы сделали это! Мы стартовали со съёмками фильма о говорящем Слоне БатЫре🐘, который жил в Караганде в 80-90х годах. БатЫр говорил на человеческом языке, но мало кто об этом знает. Надеемся, теперь узнают во всём Мире 🌐 Мы собрали международную команду из трёх стран (#Казахстан #Канада #Мексика) Режиссёр и Автор идеи прилетел из Канады и увлёк своей мечтой оператора @chaaavz Генеральный продюсер Асель Саги @asya_sagi не смыкала глаз для того, чтобы воплотить общую Цель. На видео нет продюсера Акбара Курманбаева @akbusya, потому что он дорабатывает отдельные сцены в сценарии☝Фархат Абдраимов @fara_actor как раз тот продюсер, который умеет "болеть" проектом💚 Исполнительный продюсер Асель Кодарова (которая так и не завела себе инсту 😄) - наша любимица. Работать так, как она, человекам обычно #Оочень😱 ✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨На видео мы разбиваем кино-тарелку с подписями всей съёмочной группы и главных героев. Каждый заберёт домой свой кусочек Памяти. И мы верим в то, что Добрая и Светлая История, рассказанная в нашем фильме останется в ваших сердцах навсегда. #комедийнаяДрама #БатЫр #фильмБатыр #приПоддержкеКинопарк @kinopark_kz #БауржанДосмагамбетов #АсельСаги #АкбарКурманбаев #ФархатАбдраимов #АлехандроЧавес #АсельКодарова #МаратАбишев #НургульАлпысбаева #СалтанатНауруз #СануржанСулейменов #вФильме #БатЫр ❤#БатЫр #кинопарк

Публикация от Farkhad Abdraimov (@fara_actor) Июл 5 2017 в 10:40 PDT

Соңғы жаңалықтар