Қазақстанда басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30%-ға жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда кейінгі 2 жыл ішінде басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30 пайызға жетті. Мұны БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының президенті Азиза Шужеева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл корпоративтік секторда әйелдердің басшылық лауазымдарды иеленуі бойынша Қазақстанда зор серпіліс болды. Бұл бағытта біз Орталық Азия елдерінің алғашқы қатарында тұрмыз. Қазақстан – әйелдерді квазимемлекеттік сектор корпорацияларының директорлар кеңесі мен басқармаларында, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында ілгерілету үшін 30% квота бөлген жалғыз мемлекет», - деп тоқталды Азиза Шужеева.

Қоса кетсек, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық гендерлік алшақтық-2022» зерттеуінің қорытынысына сай, гендерлік теңдік бойынша 80-орыннан 65-орынға көтерілді.

Сондай-ақ, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы алдағы 3 жылда отбасын қолдау орталықтарының санын 234-ке жеткізуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар