Қазақстанда баспананы сату-сатып алу мәмілелері 8,3 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғын үй нарығында сауда-саттық келісімдерінің саны 8,3 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономикасы министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, баспананы сату-сатып алу мәмілелері 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары арасында 192 051-ді құрады. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға көп.

Биылғы жылдың қыркүйегінде тұрғын үй нарығында 25 048 мәміле жасалып, оның алдындағы аймен салыстырғанда 0,5 пайыз өскен.

 

Соңғы жаңалықтар