Қазақстанда баспанаға мұқтаж адамдар саны өсуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев тұрғын үйге мұқтаждардың бірнеше есе көбейетінін болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір баспанаға мұқтаж 2 млн адам бар. Урбанизацияның қарқынын ескерсек, баспанаға мұқтаж тағы 5 миллион адамның қалаға ағылатынын болауға болады. Нәтижесінде тұрғын үйге қажеттілігі бар халық саны 7 миллионнан асуы мүмкін. Бірақ бұл тек елордада ғана емес, барлық қалаларда», - деді Талғат Ерғалиев ұйым отырысының алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ол бұл ойын мынадай болжамдармен түсіндірді.

«Ауыл тұрғындары облыс орталықтары мен қалаларға, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы сияқты ірі қалаларға көшеді. Мұндай жағдай 10 жыл ішінде күтіледі. Өйткені, ірі қалалар мен облыс орталықтарындағы өмір сүру деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жақсы. Бүгінде ауылда қажет мамандықтар бойынша көптеген гранттар беріліп жатыр. Яғни, ауыл жастарының оқуға келуі бұрынғыдан да көбейеді. Ал қалада біраз уақыт оқып, өмір сүрген адамдар ауылға оралғысы келмейді. Осының бәрін ойлап, көші-қон үрдісін осылай болжап отырмыз», - деді Құрылысшылар одағының басшысы.


Соңғы жаңалықтар